Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21.03.2026 11:43

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Оқи отырыңыз: Наурызнама онкүндігі: бүгін – Ынтымақ күні