Президент Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім басшыларын қызметке тағайындады

11.09.2026 19:02
Ақорда

Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшылық құрамы жаңарды, деп хабарлайды Almaty.tv

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

Толық көрсету