Президент Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

23.08.2026 12:11

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді", - делінген хабарламада.

Содан кейін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.

– Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Оқи отырыңыз: Бүгін Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеген жолаушылардың ақшасы қайтарылады

Толық көрсету