Президент қалаларды дамыту, мемлекеттік органдардың функциясын оңтайландыру туралы заңға қол қойды

17.07.2025 16:03

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.

Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.

Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.

Түзетулердің бесінші блогы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.

Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.

Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.

Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ «жасыл» қаржыландыру және инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы әріптестікті кеңейтеді