Президент: Қазақстан Моңғолия студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын

Мемлекет басшысы келіссөздердің табысты өткенін жеткізіп, уағдаластық арадағы қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынына сенім білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияда зейнетақы, сауда, экономика, авиациялық іздестіру және құтқару, туризм, атом энергетикасы сынды салаларда ынтымақтастық орнату, оны жандандыру туралы келісім бар. Маңызды басқосуда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Моңғолия студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын екенін де мәлімдеді. Сондай-ақ екі ел ғалымдарын ортақ, тарихи бай мұраны бірлесе зерттеуге шақырды. Жиында былтыр сауда-саттық көлемі 150 миллион долларға жуықтағаны және алдағы уақытта оны 500 миллионға жеткізу жоспарланғаны да айтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы келіссөздердің табысты өткенін жеткізіп, уағдаластық арадағы қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынына сенім білдірді.

"Сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс пен инвестиция, жаңа технологиялар, ғарышты игеру саласында ықпалдастықты жандандыру қажет. Моңғолия – Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі. Біздің тарихымыз ортақ. Қазақ және Моңғол халықтары Ұлы дала өркениетінің мұрагерлері. Ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру екі елдің мүддесіне сай келеді. Біз Моңғолияның жетістігіне әрдайым қуанамыз. Моңғолияның экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Былтыр өсуі 6 пайызға жетті. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Новости партнеров