Жиын барысында Президент Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды
Қарағандыда Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің кеңейтілген жиыны өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында белгілеген міндеттерін өңірлерде жүзеге асыру тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев айқындалған мақсат-міндеттерді орындаудан бөлек, ел мен билік арасындағы сенімді күшейту, халықпен байланысты нығайтудың маңыздылығына да тоқталды. Осылайша, Қарағанды облысындағы ауыл аймақтар стратегиялық міндеттерді іске асыруда нақты шаралар қабылдауға кіріскендерін жеткізді.
«Президент алдағы үш жылда Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде тапсырма берді. Бүгінде елдің біртұтас цифрлық экожүйесін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жасанды интеллектінің дамуы қазірдің өзінде адамдардың дүниетанымына, әсіресе жастардың ойлауына ықпал етіп келеді. Сондықтан цифрландыру еліміздің жаңа ұлттық идеясына айналуда», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев.
Жиынға келген аймақ басшылары ауылдағы инфрақұрылымды жаңарту және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелерін ортаға салды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей өз сөзінде аймақтың экономикалық әлеуетіне тоқталып өтті.
«Біз тұрғын үй коммуналдық және көлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуға баса назар аударып отырмыз. Бұл тек жол мен коммуникацияға емес, ақылды қала технологияларын енгізу. Инфрақұрлымды басқаруды да қамтиды. Экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мықты ақпараттық саясатпен қатар жүруі тиіс. Сол себепті мемлекет бастамаларын кең түсіндіру және халықпен ашық диалог орнату бағытында идеологиялық жұмыс жүйелі жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей.
Оқи отырыңыз: Елімізде Қазақстан есімді қанша адам бар