Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. 

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

"Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. 

Оның мұрасы — бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.  Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі. 

«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады", — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

Новости партнеров