Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін», - делінген Президент өкімінде.
Құжатқа сәйкес, стипендия алушылар тізімі өкімге қоса берілген қосымшада көрсетілген. Аталған шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Өкім 2025 жылғы 30 желтоқсанда Астана қаласында қабылданды.
Оқи отырыңыз: Президент ЕАЭО-ға мүше елдердің басшыларына үндеу жасады