Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-орынға тұрақтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетінде жарияланған сұхбатына қатысты педагог, философия ғылымдарының докторы Майра Мәлікқызы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Президентіміз қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында сұхбатын қазақтілді басылымға берді. Мемлекет басшысы қазақ тілі туралы "Дүниежүзінде 7 мыңнан астам тіл бар, соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-орынға тұрақтады" деп атап өтті. Бұл қазақ тілінде сөйлеушілердің арта түсуі үшін, ана тіліміздің ғылым тіліне айналуы үшін маңызды болмақ.
Сонымен қатар бүгінде кез келген мемлекеттік қызметке кіру үшін қазақ тілінен сынақ тапсыру ана тіліміздің мәртебесін көтерудегі маңызды қадам болып отыр. Бұл арқылы тіл мәртебесі көтеріліп қана қоймай, ұлттық құндылықтарымыз, тарихымыз бен салт-дәстүріміз де жанданып, танымал бола түседі деген ойдамыз", - деді Майра Мәлікқызы.
Оқи отырыңыз: "Халық көптеген өзекті сауалға жауап тапты": қоғам белсендісі Президент сұхбаты туралы