"Халық көптеген өзекті сауалға жауап тапты": қоғам белсендісі Президент сұхбаты туралы

Мемлекет басшысы қашанда жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетінде жарияланған сұхбатына қатысты “Jas live” медиа орталығының жетекшісі, қоғамдық белсендісі Мейіржан Келемеденов пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Еліміз Президентінің "Ана тілі" газетіне берген сұхбаты ашық әрі мағыналы сұхбат болды. Онда еліміздегі өзекті болып отырған көптеген сауалға халық жауап тапты деуге болады.

Ал өзіміз қоғам жұмысына белсене араласып жүргендіктен, жастарға қатысты айтқан сөздерін ерекше ыждаһатпен оқып шықтым. Жалпы, Президентіміз қашанда жастарды, жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Осы сұхбатында да жастарған сенетінін айтты. Жастарға оқудан өзге, заманауи технологияларды меңгеріп, әрдайым ізденісте болу керек дегенді айтты.

Сондықтан Президенттің саясатын, ұлттық идеологияны қолдау бағытындағы жобаларын қолдаймын. Белсенді жас болғандықтан, еліміздің дамығанын қалаймыз, сол даму жолында өзіміз қандай үлес қоса аламыз деп ұмтылып жүреміз", - деді сарапшы.

Оқи отырыңыз: Президент сұхбатында айтылғандарды Үкіметке берілген тапсырма деуге болады - сарапшы

Новости партнеров