Президент тапсырмасы: БҚО-да МСАК нысандары пайдалануға берілді

Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкіметтің баспасөз қызметі

Ақбұлақ ауылында қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ ауылында қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Біз кездескен ауыл тұрғындары зор ризашылықтарын білдіруде. Бұл жаңа нысандар ауыл халқының денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосады. Мұнда ауруларды ерте кезеңде анықтауға, скринингтік тексерулер жүргізуге мүмкіндік бар. Балалар, жүкті әйелдер мен жас аналар, сондай-ақ қарт адамдар осы жерде медициналық қызмет алады. Біз мұның бәрі ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға және нығайтуға айтарлықтай септігін тигізеді деп санаймыз», — деді Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды

Новости партнеров