Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабрлайды Almaty.tv.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта:
- тарихи-мәдени мұраны сақтау — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
- археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
- тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
- қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
- археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
- мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
- қаланың бірыңғай келбетін — сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
- тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
- мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
- туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
«Әсіресе кіші және орта бизнеспен айналысатын Түркістан қаласы бойынша қолөнер жасайтын кәсіпкерлерге үлкен қолдау бар. 10-15 пайыз субсидия алуға мүмкіншілік бар. Жергілікті бюджеттен ақша бөлуге де болады. Көмекті келешекте кеңейтуге де болады деп ойлаймын, – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бес күнде 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі жазаланды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41