Президент Үкіметке фаст-фудтың агрессивті жарнамасына қатысты проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды

26.08.2026 14:59

 Мұны Президент Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтты

ЖИ көмегімен жасалған

Президент Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Үкіметке фаст-фудтың агрессивті жарнамасына қатысты проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «Тағы бір мәселе. Фаст-фудтың агрессивті жарнамасы қаптап кетті. Тез ішіп-желінетін тағам зиянды әдет қалыптастырады, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді, еліміздің еңбек күші әлеуетіне теріс әсер етеді.   Дәрігерлердің бақылауында қант диабетіне шалдыққан 7 мыңға жуық бала бар. Олардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ.   Көптеген ел құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына тыйым салады немесе шектеу қояды. Бұл өте күрделі мәселе. Түрлі шетін тұстары, пікірталастарға негіз болған медициналық, тіпті саяси астары бар. Дегенмен Үкімет, ең алдымен, балаларымыздың саулығын ойлап, аталған проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерделеуі керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент балаларды зиянды ақпараттан қорғау заңнамасын қайта қарауды тапсырды

Толық көрсету