Президент заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңға қол қойды

03.01.2026 12:32

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері туралы заңға қол қойды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Президент Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды