Президент жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады

08.06.2025 15:12

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Президент Жарлығы: жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды