Президенттік әдеби сыйлық: жас қаламгерлерден өтінім қабылданып жатыр

08.05.2026 15:23

Биыл әдеби сыйлық төртінші рет табысталады

Depositphotos.com

Жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және талантты ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тағайындалған.

Биыл әдеби сыйлық төртінші рет табысталады.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінімдер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 16 маусымға дейін жалғасады.

Өтінімді қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Оқи отырыңыз: Ең төменгі жалақы көтеріле ме: Үкіметте көрсеткіштер пысықталып жатыр