Прокуратура әкесін ұрып өлтірген шардаралықтың үкіміне наразылық білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv

41 жастағы Алмас Садақбаев 5 жылға сотталған болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Прокуратура әкесін ұрып өлтірген шардаралықтың үкіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы Алмас Садақбаев 5 жылға сотталған болатын. 

Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптарымен кінәлі деп таныған. Түркістан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, сотталған азаматқа қатысты шығарылған үкімге апелляциялық наразылық жолданған.

"Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді. Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралатын болады", – деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Ұлттық кітапханада азаматтарға жалған награда таратқан адамға айыппұл салынды

Новости партнеров