Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды
Атырауда алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Прокуратураның мәліметінше, сот алдында отырған екі тұлға кісі өлтіргеннен кейін мәйітін және телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды.
Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінге суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады.
Қылмыстық кодекстің 39-бабының талаптарына сәйкес, жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
«Құрметті сот Қайыржанов Ризуан Асанұлын және Какимов Алтынбек Асылбекұлын Қылмыстық кодекстің 99-бабы Адам өлтіру, алдын ала сөз байланысу арқылы адамдар тобымен, пайдакүнемдік ниетте қарақшылық жасау және де 202-бабы бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою баптары бойынша айыпты деп санап, біржола өмір бойы бас бостандықтарынан айыруды сұраймын», – деді мемлекеттік айыптаушы Қайыржан Нұрбергенов.
Оқи отырыңыз: Кісі өлтіріп, 17 жыл бойы қашып жүрген күдікті Литвадан экстрадицияланды