Пропорционалды сайлау жүйесі саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді – Қарин

24.01.2026 15:55

Құрылтай депутаттарының өкілеттілік мерзімі қанша болатыны айтылды

 

t.me/consot_kz

Мемлекеттік кеңесші — Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Құрылтай депутаттарын сайлау жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жұмыс тобы толығымен пропорционалды тәсілге көшуді бірауыздан қолдады. Бұл – Мемлекет басшысы былтырғы қыркүйектегі Жолдауында көтерген бастама. Сол кезде Президент «Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын. Бұл – әлемде кеңінен таралған парламенттік рәсім» деген болатын», - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатын дамытып, институционалдық рөлін арттыра түседі. Саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін де күшейтеді.

«Құрылтай депутаттарының өкілеттілік мерзімі туралы. Мемлекет басшысы бұған қатысты ұстанымын Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен отырысында айтты. Ол «Жаңа Парламентте депутаттарды бес жыл мерзімге сайлау көзделіп отыр» деп нақты атап өтті. Жұмыс тобы да осы пайымға тоқтады. Бұл мерзім болашақ Құрылтай құрамын жаңартып отыру тұрғысынан тиімді, яғни сайлау науқандарының жиілігі жағынан алғанда қолайлы болмақ, — деді Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Құрылтай депутаттарына талаптар қандай: Қарин негізгі жаңашылдықтар туралы айтты