PSY әдістемесі әскерге шақырылушылардың суицидке бейімділігі бар-жоғын анықтайды

07.08.2025 16:21

Көктемгі шақыртуда сынақтан өткен жүйе арқылы 470-тен астам жігіттен қауіп белгілері табылды

Қазақстанда әскерге шақырылушыларды психологиялық тексеруден өткізетін жаңа технология енгізіліп жатыр. PSY әдістемесі суицидке бейімділікті ерте анықтап, әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл көктемгі шақыртуда сынақтан өткен жүйе арқылы 470-тен астам жас жігіттен қауіп белгілері табылып, олар қосымша тексеріске жіберілді. Жаңа технология бастапқы скринингтен бастап, терең психологиялық талдау мен қажет болған жағдайда психиатриялық сараптамаға дейінгі бірнеше кезеңді қамтиды. Енді бұл әдістеме еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілмек.

«Біздің әдістеме әскери қызметшіні қандайда бір қызметінен уақытша босатады деп айта алмаймыз. Бұл – ұсынылым ретінде берілетін нәрсе. Әрі қарай медициналық комиссия қарайды. Егер мінез құлқында ауытқулар жоқ деп айтса, үшінші кезеңде ол әрі қарай әскери қызметін өткеруге жіберіледі. Егер мінез-құлқында ауытқулар бар болса, денсаулығы жарамайды деген сөз», – деді ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті басқармасының бастығы Арман Қалышев.

Оқи отырыңыз: Талғардағы қанды қылмыс: ерлі-зайыптыларды пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр