QAZAQ VISION: Қазақ мәдениетін цифрлық кеңістікте дамыту

QAZAQ VISION
QAZAQ VISION

Жоба мақсаты — ұлттық мәдениетті дәріптеп, қазақтілді орта мен сапалы контентті дамыту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 мамырда Алматыда басталған QAZAQ VISION – дәстүрлі қазақ мәдениеті мен рухани құндылықтарын заманауи медиа арқылы насихаттауға бағытталған әлеуметтік жоба, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жобаның негізгі мақсаты – интернет кеңістігінде қазақ тіліндегі сапалы әрі мазмұнды контенттің санын арттыру, ұлттық болмыс пен сана-сезімді жаңа буынға заманауи тілмен жеткізу.

Жоба екі маңызды кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – Instagram желісінде өтетін видеороликтер байқауы. Қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен рухани мұраларды бүгінгі күннің тынысымен көрсететін креативті видеоконтент дайындайды. Бұл байқауға арнап 1 950 000 теңге көлемінде жүлде қоры белгіленген. Екінші кезең – 2025 жылдың 21 мамырында өтетін «Qazaq Vision» форумы. Бұл алаңда байқау жеңімпаздары, жас креаторлар, медиа және шығармашылық индустрия өкілдері бас қосып, тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар орнатады. Форум аясында сарапшылар медиа, PR, маркетинг, креативті салалар бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі.

QAZAQ VISION жобасы арқылы ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, қазақтілді белсенді орта қалыптастыру, интернет кеңістігінде ана тілімізде сапалы контентті көбейту, жас дарындарды қолдау және ұлттық сана-сезімді нығайту көзделіп отыр. Бұл жоба – қазақ руханияты мен дәстүрін цифрлық дәуірге бейімдеп, ұрпаққа жаңа форматта жеткізудің жарқын үлгісі.

Оқи отырыңыз: Талантты жастар: Алматыда зияткерлік сайыстың ақтық кезеңі өтті

Новости партнеров