Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері былтыр экологиялық акция бастаған. Жоба аясында ел өңірлерінде 1000 құс ұясын жасау жоспарланған.
Алматылықтар биыл алғашқылардың бірі болып, ұя жасауды бастап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алда көктем. Құстар қайта ұшып келе бастайды. Торғай, қараторғай, шымшық секілді құстар балапандарына қауіпсіз, құрғақ әрі тыныш орын іздейді.
Олар ұя салатын орынды өте мұқият таңдайды, желдің бағытына, күннің түсуіне, тіпті маңайдағы қауіп-қатерге дейін ескереді.
«Кімде-кім тіршілік иесіне жақсылық жасаса, оған сауап бар» – деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у.)
Демек исламда кез келген тіршілік иесіне жасалған жақсылық елеусіз қалмайды.
Әдетте адам құсқа қамқор болу үшін ұя жасайды.
Есте сақтаңыз: ұяны көбіне 2–5 метр биіктікке орналастырған қауіпсіз. Тым төмен болса, жыртқышқа оңай олжа болады, тым биік болса, жел соғады.
Егер бір маусымда кейбір құстың 4–6 балапан басатынын ескерсек, бірнеше тіршіліктің аман қалуына себеп болуыңыз мүмкін.
Есіңізде болсын, қамқорлық кішкентай істен басталады.
Оқи отырыңыз: Рамазан: Жақсылық – адамдық өлшемі