Рамазан: себепсіз сый – шынайы құрмет

26.02.2026 18:33

Бір бума гүл. Ешқандай мереке емес. Тек баланың шынайы ықыласы.

Күнделікті қарбаласта «кейін айтамын», «ертең барамын» деп жүріп, ең жақын жанға алғыс айтуды ұмытып кетеміз.

Almaty.tv-дің  кейіпкері күтпеді. Себеп іздемеді. Тек құрметін білдірді.

Ол тек гүл сыйлаған жоқ, «Анашым, сіз барда  бақыттымын» деп үнсіз мойындап тұр.

Исламда ана мәртебесі ерекше.

«Жәннат – ананың табанының астында», – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)

Тағы бір хадисте бір кісі Алла елшісінен (с.а.у.)

«Жақсылықты ең алдымен кімге жасайын?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.у.) «анаңа»деп жауап береді. Ол үш рет «Анаңа» деп қайталап, төртінші рет  «әкеңе» деген.

Ананың орны ештеңемен өлшенбейді. Кейіпкерімізде үлкен іс жасаған жоқ. Бірақ анасын қуантты.

Құрмет – міндетті әрекет емес, махаббатпен жасалатын қадам.

Мүмкін, сізге де себеп күтудің қажеті жоқ шығар...

Бір қоңырау, бір ауыз жылы сөз – жүрекке жылу сыйлай алса, жеткілікті.

Есіңізде болсын, себепсіз сый – шынайы құрмет!

Оқи отырыңыз: Рамазан: қамқорлық кішкентай істен басталады