Рамазан: Жақсылық – адамдық өлшемі

23.02.2026 18:00

Әдетте мән бермейтін, қарапайым әдетіңіз – игі істің негізі болуы мүмкін

Рамазан айында әрбір игі іс – сауапқа айналады.  Күнделікті күйбең тірлік арасында қаншама сауап іс істеп жүргеніңізді білесіз бе? 
Әдетте мән бермейтін, қарапайым әдетіңіз – игі істің негізі болуы мүмкін. 

Ендеше, Almaty.tv ұсынған бейнероликті тамашалай отырып, өз әрекетіңізді бағалаңыз.

Иә адамның қадірі байлықпен өлшенбейді. Сауап жасау үшін де бай болу міндетті емес. 

 «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны», – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с.).

Ғалымдар бұл хадисті түсіндіруде «пайдалы болу» ұғымын тек материалдық көмекпен шектемейді. 
Имам әл-Мунауи өз еңбектерінде адамға пайдалы болу – білім үйрету, қиындықтан құтқару, мұқтажға жәрдем беру, жақсы сөз айту сияқты кең мағынада қарастырылатынын жазады.

Рамазан айында жасалған әрбір игі іс – осы хадистің амалдағы көрінісі.

Оқи отырыңыз: Рамазан: ораза қабыл болуы үшін не істеу керек