Адамның миына бір сәтте сан түрлі ой келеді. Кейде жаныңыз жадыраса, кейде шошып кетесіз.
Almaty.tv тілшісі өзін тәрбелейтін жан үшін пайдалы кеңес ұсынады.
Ізгілік пен күмән. Басқаша айтқанда жақсы және жаман ой, олардың арасы қылдай жіңішке. Сол себепті де өзін тәрбиелеуде ең қиын нәрсе – өзіңмен күресу, нақтырақ айтқанда – ойыңды тізгіндеу.
Ой – амалдың бастауы
Ислам ілімінде де, психологияда да ой – әрекеттің негізі саналады. Әрбір іс алдымен ойда пісіп-жетіледі. Кез келген әрекет аяқ астынан жасалмайды, әуелі адам ойланады, біртіндеп әдетке айналады. Сондықтан ойды бақылау – күнәмен күрестің алғашқы сатысы.
«Амалдар ниетке байланысты», – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у)
Ал ниеттің өзі ойдан туады.
Ғалымдар адамның жүрегіне келетін ойды бірнеше түрге бөледі:
Адам ойы үшін күнәлі болмайды, ал сол ойды саналы түрде қабылдап, әрекетке айналдырса, жауапкершілік артылады.
«Үмбетіме жүрегінен өткен ойлары кешірілді, егер оны іске асырмаса және айтпаса», – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у).
Демек жақсы не жаман ойды іске асырған жағдайда ғана не сауапқа кенелесіз, не күнәлі боласыз.
Жоғарыда жақсы мен жаман ойдың арасы қылдай жіңішке дедік, қалай ажыратуға болады?
Ойыңыз сізге зиян келтірмеу үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:
Есте сақтаңыз: Егер ой – адамды жасырын іс істеуге, ақталуға итермелесе, нәпсінің қалауы.
Сөз соңында ойды қалай тізгіндеу жолдарына тоқталайық:
Оқи отырыңыз: Рамазанға 13 күн қалды: махаббат – әрекетпен дәлелденетін сезім