"Реал" қанша ақша жұмсайды: мадридтік клуб қонақүйді тұтас жалға алды

Almaty.tv
Almaty.tv

Футболшыларды ешкім мазаламауы үшін клуб басшылығы 28 қыркүйектен 1 қазанға дейін барлық нөмірді жалға алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мадридтік клуб Алматыға келіп, InterContinental қонақүйіне жайғасты. Бұған дейін "Реал" 11 қабатты ғимараттағы барлық бөлмені жалға алғаны туралы сыбыс тараған еді. Енді бұл ақпарат расталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап . 

Футболшыларды ешкім мазаламауы үшін клуб басшылығы 28 қыркүйектен 1 қазанға дейін барлық нөмірді жалға алды.

Shot Telegram арнасының мәліметінше, осы бір жайлылық үшін "Реал" клубы 431 мың еуро (277 миллион теңге) төлеген.

"Осы күндерге стандартты бөлменің орташа бағасы – $375, ал люкс – $560. Қонақүйде барлығы 277 бөлме бар, олардың барлығы осы күндері "Реалға" тиесілі. Команда Алматыға 40-тан астам адамдық құраммен келген", – деп жазады арна.

Оқи отырыңыз: «Реалды» әлем баспасөзі қалай атайды

Новости партнеров