Сыр өңірінде 380 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді
Елімізде он үш сағатқа созылған дауыс беру аяқталып, нағыз қарбалас сәт басталды. Сыр өңірінде 380 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Елдегі бaрлық референдум учaскесiндe сағат 20:00-де дaуыс бeру толығымeн тоқтады. Сол сәттен бастап комиссия мүшелері мен байқаушылар дауыс санау процесіне кірісті. Жәшiктердi ашпас бұрын комиссия мүшелері пайдаланылмаған барлық бюллетеньдi санап, жойды.
Сыр өңірінде референдумды бaйыпты әрі лaйықты өткiзу үшiн «109 бiрыңғaй бaйлaныс ортaлығы» тәулiк бойы үзіліссіз aзaмaттaрдың кeз кeлгeн сaуaлынa жaуaп бeріп, бiр мезетте 9 қоңырaуғa дeйiн қaбылдаған. 4 ауысыммен жұмыс істеген диспетчерлер референдум бойынша 3 мыңнан астам қоңырауға жауап берген. Сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы мен дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты болғанын білдік.
Референдумда облыс бойынша 2652 комиссия мүшесі қызмет атқарса, жаңадан келген комиссия өкілдері арнайы оқудан өтті. Мүгедектігі бар азаматтар үшін 45 инватакси қызметі жұмылдырылса, оның 16-сы Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда болды. Ал қажеттілікке байланысты 48 сурдоаударма яғни, ымдау тілінің мамандары да дауыс беру учаскелерінде қызмет көрсеткен. Ерекше есте қалған сәттерді бір шолып өтсем, Шиелі ауданында көкпаршылар, Қармақшы ауданында жыршылар, Сырдария ауданында 103 жастағы қария өз таңдауын жасап дауыс берді.
Сыр өңірінде 380 дауыс беру учаскесі жұмыс істесе, оның 27-сі жабық учаскелер қатарында. Соның ішінде, әскери бөлімдер, тергеу изоляторы, емдеу мекемелері сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер бар. Онда 12 мыңнан астам азамат тіркелген. Олар түске дейін өз таңдауларын жасап үлгерді.
Айта кетейік, өңірде 492 380 тұрғын дауыс беру құқығына ие болса, олардың 4251-і үйден дауыс беруге өтініш білдірді.
Асқар Сәрсенұлы, Қызылорда облысы
Оқи отырыңыз: Референдум: заң бұзған екі адам жауапқа тартылды