Exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні exit poll референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама өткізді.

"Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардын референдум аясында қойылған "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қалай жауап бергені сұралды.  Exit poll нәтижесінде АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2 пайызы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелді", - деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.

Оның айтуынша, деректердің қателегі шамамен 1,5 пайыз деңгейінде. \

Оқи отырыңыз: Референдум: Мәскеуде тіркелген 900 адамның 718-і дауыс берген

Новости партнеров