Референдум – жай дауыс беру емес, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі - депутат

11.02.2026 20:54
Almaty.tv

«Референдум – жай дауыс беру емес, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі». Бұл -– Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дастан Джантелиевтің пікірі.  

«15 наурыз 2026 жыл – маңызды күндердің бірі болғалы тұр. Референдум – жай ғана дауыс беру емес, бұл әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі.
Менің ойымша, мұндай шешімдер халықтың қатысуымен қабылдануы – әділетті қоғамның белгісі. Таңдау бар жерде сенім бар. Ал сенім бар жерде даму бар», – деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды