Өңірде 2 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан референдумда дауыс береді
Жамбыл облысында 2 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан референдумда дауыс береді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Таңдау жасаушылар үшін учаскелерде барлық жағдай жасалған. Мәселен, арнайы кабиналар орнатылып, көзі нашар көретіндер үшін брайл қарпімен жазылған бюллетендер де қойылған. Ал жанарынан айырылған жандар үшін жеке компьютер бар. Онда құлаққапты пайдаланып, бейнероликті тыңдау арқылы азамат таңдауын жасай алады. Өз үйінде дауыс бергісі келетіндерге де арнайы көлікпен жәшік жеткізіледі. Ал учаскеге баруға ниет білдіргендерге инвотакси қызмет етуде.
"Үйде жатып, қызметкерлерді шақыруға болады, бірақ келген дұрыс деп ойладым. Әр адам пікірін білдіру міндетті деп ойлаймын", – деді қала тұрғыны Қанат Әуелбаев.
Оқи отырыңыз: Таразда Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдауын жасады