Таразда Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдауын жасады

Спортшы қаладағы №82 учаскесінде дауыс берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда Олимпиада чемпионы Елдос Сметов референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Чемпион бұған дейін де саяси науқандардан қалыс қалған емес. Ол «ел болашағы мен ертеңіне әсер етер сәтте қол қусырып отырмаймын» дейді. Спортшы қаладағы №82 учаскеге келіп, таңдауын жасаған.

Айта кетейік, бұл дауыс беру учаскесінде 2500-ден аса тұрғын тіркелді. Референдумға өңірдегі ағайын белсенді қатысып жатыр. Келушілердің көңілін көтеру үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама өткізілуде.

"Мен таңдауымды жасадым. Ел болашағы үшін, оның дамуы үшін әр қазақтың баласы дұрыс таңдау жасау керек деп ойлаймын",– деді Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарды азаматтық  парызын орындауға шақырамын – Назым Қызайбай

 

Новости партнеров