Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: барлық адам көз жұмды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Ұшақ Тында әуежайына қону үшін екінші рет айналып келуге кеткенде радардан жоғалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей Федерациясының Амур облысында бортында 43 жолаушы болған Ан-24 ұшағы байланысқа шыға алмаған. Ұшақ сынықтары Тындадан 16 шақырым жердегі тау беткейінен табылған. Төтенше жағдайлар қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, борттағы адамдардың барлығы қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 43 жолаушы (оның ішінде бес бала) және алты экипаж мүшесі болған. Ұшақты іздеуге барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылған. Ан-24 ауада қандай да бір қауіп туралы белгі бермеген», – деп жазады ТАСС.

Ұшақ Тында әуежайына қону үшін екінші рет айналып келуге кеткенде радардан жоғалған. Іздеу жұмыстары барысында Ан-24-тің жанып жатқан қалдықтары аталған қаладан 16 шақырым қашықтықта таудың баурайынан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, борттағы барлық адам қаза тапқан.

Оқи отырыңыз: Астанада бойжеткеннің телефонын жымқырған астаналық қолға түсті

Новости партнеров