Мерекелік демалыс күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

27 қазаннан бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 қазанда, дүйсенбі күні орталықтар жұмыс істемейді. Ал 24 қазанда, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар азаматтарды қабылдайды.

Кезекші ХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттарды сағат 13:00-ге дейін алуға болады.

27 қазан, сейсенбіден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші орталықтардың өзекті тізімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми парақшасындағы жарияланымнан көруге болады.

Оқи отырыңыз: Republic Day және Bereke Fest: кей тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынылады