Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу барысында 10 миллиард теңгеге жуық қаржы қате есептелген

Almaty.tv
Almaty.tv

Көлік прокурорлары ақшаны тиімсіз пайдаланатындарға тосқауыл қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 миллиард теңгеге жуық қаржыны оңды-солды жұмсамақ болған. Көлік прокурорлары республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге бөлінген ақшаны тиімсіз пайдаланатындарға тосқауыл қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ресей шекарасы – Шымкент» автожолын орташа жөндеу кезінде оның «Ұлғайсын-Сексеуіл» жекелеген учаскелері де қайта жаңғырту жоспарына кірген. Прокуратура жұмыстың көлемін қайта қарауды талап етіп, нәтижесінде 7,1 миллиард теңге үнемделді.

Одан бөлек, Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы жолын күрделі жөндеу жобасында кейбір материалдар мен жұмыстардың бағасы дұрыс есептелмеген. Прокуратураның ұсынысынан кейін құжат қайта жасалып, жобаның құны 21,6 миллиард теңгеден 18,9 миллиард теңгеге дейін қысқарған.

Оқи отырыңыз: Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек