Палестиналықтарға жиналған ақшаны иемденген: Перизат Қайрат туралы тағы бір дерек жарияланды

16.11.2024 10:50

Бұл эпизод бойынша ол 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктеліп отыр

instagram.com/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты қосымша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша ретінде келесіні хабарлаймыз. Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды. Осылайша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.

2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін белгілі болғандай, BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жеткшісі Пернизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендердің 1,5 млрд теңгесін ұрлаған: Астанада қор басшысы ұсталды