Жалпы республикалық референдумға 10 күн қалды
Елімізде АЭС-тың құрылысы бойынша өтетін жалпы республикалық референдумға 10 күн қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңызды саяси науқанға қатысып, дауысын беру -–әркімнің азаматтық борышы. Осылай деген өнер қайраткерлері қазақстандықтар үшін пікір білдірудің маңызын атап өтті.
–Референдумда келіп, дауыс беруіміз керек. Қарсы ма, келісе ме, әр азаматтың таңдауы біледі. Кәсіби мамандар АЭС-тің пайдасын айтып жатыр. Ал қарапайым адам ретінде, кәсіби мамандарға сенемін, – деді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.
Оқи отырыңыз: Асылжан Жолдасбеков: АЭС – экономиканы алға жетелейтін драйверлердің бірі
.