Рудныйда 3 жасар бала терезеден құлап, көз жұмды

30.07.2025 14:26

Оқиға кезінде бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған

zhenzhong liu/ unsplash.com/

Оқиға кеше, 29 шілде күні Рудный қаласының Қашар ауылында болған. Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен 2022 жылы туған кішкентай бала құлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бала шұғыл түрде Рудный қалалық ауруханасына жеткізілген. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Оқиға кезінде бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған.

"Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті баланың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Құрметті ата-аналар мен ересектер! Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне мұқият назар аудару қажеттігін тағы да еске салады!", – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алған