Рұқсатсыз граффити салатындарға жауапкершілік күшейтіледі – ІІМ
Игорь Лепеха биыл вандализм фактісі бойынша 11 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді
Қабырғаға қалағанын жазып, сурет салатындарға тықыр таянды. Ішкі істер министрлігі ғимараттар мен қоршауларға рұқсатсыз граффити салатындарға жауапкершілікті күшейтіп, арнайы бап енгізбекші. Мұндай ақпаратты Үкіметте өткен брифингте Вице-министр Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның сөзінше, қазір мұндай әрекет ұсақ бұзақылық, абаттандыру ережесін бұзу немесе мүлікті бүлдіру ретінде қаралады. Ал муралдар әдетте әкімдік пен нысан иесінің келісімімен салынатындықтан, оған қатысты мәселе туындамайды деп отыр. Өз сөзінде вице-министр биыл вандализм фактісі бойынша 11 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
«Бұл мәселені алдымен Әділет министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтаймыз. Оның нақты құрамы, қолданылу тәртібі және жауапкершілік түрі кейін анықталады. Бұл мәселе Құрылтайда да талқыланады. Сондықтан қазір нақты бірдеңе айту әлі ерте. Бірақ оларды жауапкершілікке тартып жатырмыз», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда полиция бөлімшелерінде 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді