Рухани келісім күні: Алматыда діни бірлестіктер зорлық-зомбылықтың алдын алмақ

18.10.2024 14:57

Дөңгелек үстелде талқыланған мәселе Алматы қаласының тұрғындарына да түсіндіріледі

Алматыда Рухани келісім күніне орай діни бірлестіктердің басшылары бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дөңгелек үстелде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жан жақты талқыланды. «Қоғамдағы елеулі проблеманы шешуге үлесімізді қосқымыз келеді» деген дін істері басқармасының басшысы заңды түсіндіру жұмыстарын мықтап қолға алу керек екенін жеткізді.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жатқан қарындастар бар. Соның алдын алу үшін үлес қосайық деп отырмыз. Дөңгелек үстелде талқыланған мәселе Алматы қаласының тұрғындарына да түсіндіріледі", – деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.

Оқи отырыңыз: Дін - алауыздық туғызатын құрал емес: Астанада дін өкілдері бас қосты