Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.
2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.
2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылдың мамыр айынан ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпан–сәуір айларында Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды.
2022 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2022–2023 жылдары Президент баспасөз хатшысы болды. 2023 жылғы 5 қаңтарда лауазымынан босатылмай-ақ Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалып, ол 2 қызметті сол жылғы қыркүйекке дейін қоса атқарды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте 2 лауазымынан босатылғаннан кейін Президент жарлығымен Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 17 ақпаннан 9 қыркүйекке дейін Президент кеңесшісі және оның баспасөз хатшысы болды. Сол жылдың 9 қыркүйегінде Руслан Желдібай Президент көмекшісі және оның баспасөз хатшысы болып тағайындалған.
Оқи отырыңыз: Астана мен Алматыдағы 29 қаңтардағы доллар мен еуро бағамы