Сәтбаев шыңында жарақат алған туристер тікұшақпен эвакуацияланды

31.08.2025 15:19

Шетелдік альпинистер 4 мың метр биіктен құтқарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Іле Алатауы тауларында 4 мың метр биіктен түсе алмай қалған шетелдік альпинистер құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, таулы маршруттан өту кезінде 6 альпинистің екеуі Сәтбаев шыңындағы тас құлауы себебінен аяғынан жарақат алып, топ қозғалысын жалғастыра алмаған.

«Байланыстың жоқтығына қарамастан, ТЖМ құтқарушылары топтың геолокациясын 4300 м биіктікте анықтап, ішінде 5 адам Ресей Федерациясының азаматы саналатын туристерді тікұшақпен эвакуациялады», - делінген хабарламада.

 Әуежайда зардап шеккендер шұғыл көмек көрсеткеннен кейін жатқызу үшін ауруханаға жеткізген ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының кезекші бригадасына табысталды.

ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады.

Оқи отырыңыз: Атырауда жасөспірім автобустың астына түсіп қаза тапты