Референдумға дейін:
14
күн
9
сағат
30
минут

Сабақ үстінде оқушыға қырыңдаған мұғалім мәселені шешу үшін ақша ұсынған

Күдікті азамат жұмысынан шеттеліп, қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 7 жастағы оқушының денесіне қол жүгіртті деп күдікке ілінген мұғалім мәселені ақшамен шешпек болған. 36 жастағы ер адамның жақындары жәбірленуші қыздың анасына «келісейік» деп, арызын қайтарып алуды сұрапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Білім алуға барған қызым тәлімгерден қорлық көрді деп шырылдаған ана «енді іс әділ тергелмей қала ма» деп алаңдап отыр.

Еске салсақ, информатика пәнінің мұғалімі сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен. Сұмдық жайт қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Бүгінде күдікті азамат жұмысынан шеттеліп, қамауға алынды.

«Сол күні маған ол баланың әке-шешесі хабарласып, аяғыма жығылып, келісуді өтінді. «Қызыңды киімінің сыртынан тигізген, ештеңе бүлінген жоқ» дейді. Егер жағдай солай болса, даурығып қайтем? Келісіп қоя салмаймын ба? Біз оңай емес», – деді жәбірленушінің анасы.

Оқи отырыңыз: Алматыда су үнемдемеген көлік жуу орындарының жұмысы тоқтады

Новости партнеров