Референдумға дейін:
14
күн
11
сағат
13
минут

Алматыда су үнемдемеген көлік жуу орындарының жұмысы тоқтады

Су кодексіне көлік жуу орындарынан бөлек, моншалар мен бассейні бар орындар да бағынуы тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда су үнемдеу технологиясын енгізбеген көлік жуу орындары тіршілік нәрінен ажыратылып жатыр. Су кодексінде көрсетілген талаптарды орындамай, заңды елемеген 70-ке тарта автожуу бекеті судан мақұрым қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі.

Су кодексінің 18-бабы 2-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, тұтынушылар су үнемдеу технологияларын, суарудың прогрессивті техникасын, айналымды және қайталама сумен жабдықтау жүйелерін енгізуге, судың ысырабын азайтуға міндетті. Арнайы құрылғыны орнату туралы хабарлама 427 нысанға жіберілген. Оның ішінде 152 көлік жуу бекеті ғана қондырғыны орнатыпты. Заң күшіне енгеніне қарамастан, бағынбайтын мекеме көп. Әйтсе де, оларға тұсау салар шара да жоқ емес.

«Біз 70-тей көлік жуу орнының суын өшіріп тастадық. Олар ешқандай хат та берген жоқ, кепілдеме жоқ.Суды үнемдейтін құрылғыларды қоймаймыз деген. Енді ақырындап шетінен келіп жатыр. Бәріне түсіндіріп жатырмыз.Заңды орындау керек. Осы жұмысты толығымен көлік жуу орындарнда жылдың аяғына дейін қамтамасыз етуге тырысамыз», – деді «Алматы Су» МКК өтім жөніндегі департаментінің директоры Серік Шагиров.

Жаңа қондырғыны орнатуға көбінің жағдайы жоқ. Өйткені ресурсты үнемдеуге көмектесетін құрылғы құны 1 миллион теңгеден асады. Көлік жуу бекетінің қызметкерлерінің айтуынша, электр қуаты мен химиялық қоспаларға кететін қаражат та  әжептеуір шығын.

«Германияның құрылғысы орнатым. Бағасы өте қымбат.Оның бәрін жұмысқа салу үшін маман керек,біздер істей алмаймыз. Сынады, айырбастайсың, майы бар дегендей құрылғының шығыны көп», – деді Автокөлік жуу бекетінің меңгерушісі Бейбіт Оспанов.

 Көлік жуған су арнайы сүзгіден өткізіледі. Ал бөшкенің ішінде құм фильтрден өткен сумен араластырып, жарамдылығын күшейтеді. Содан соң құтыдағы 30 пайыз таза сумен араласып, соңында өңделген ең таза су осы құрылғыға құйылады. Мұнда 3 тоннаға дейін су сақтауға болады.

Айта кетейік, әр аудан бойынша арнайы бақылаушы сайланған. Олар айына бір рет кәсіпорындарға қатаң тексеріс жүргізеді. Мамандардың айтуынша, жүйе су үнемдеуден бөлек, экология үшін де тиімді шешім.

«Аппаратқа ай сайын қарап отырамыз. Заң бойынша суды үнемдеу керек. Экология жағынан мұнай қалдықтарын канализацияға төкпеу керек», – деді инженер Қайрат Әбдуманов.

Су кодексіне көлік жуу орындарынан бөлек, моншалар мен бассейні бар орындар да бағынуы тиіс.

Айта кетейік, тіршілік нәрін үнемдеуге арналған жаңа жобаны 2030 жылға дейін біртіндеп жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Айдана Шалқар, Әлішер Ерғалиұлы, Жақсылық Тілепберген

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Новости партнеров