Сабантой: Алматыдағы мейрамға екі мыңға жуық адам қатысты

17.06.2025 15:23

биылғы іс-шара ҚХА 30 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына арналды

Almaty.tv

Алматыда татар-башқұрт халықтарының ЮНЕСКО мұрасына енген дәстүрлі «Сабантой 2025» ұлттық мерекесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашық аспан астында кең көлемде тойланған іс-шараға екі мыңға жуық адам қатысты. Салтанатты мерекеде ұлттық өнер мен дәстүр жарасым тапты. Күрес, арқан тарту сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жиналған қауым татар, башқұрт халықтарының дастарханынан дәм татты.

Айта кетейік, биылғы іс-шара ҚХА 30 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына арналды.

 «Сабантой – татар ұлттық мейрамы. Жерді жыртып, егін еккеннен кейін «сол жылда өсім жақсы болсын, бәріміз аман болайық» деп өткіземіз», – деді  «Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ильмират Вафин.

Оқи отырыңыз: Балмұздақ сатып аларда неге назар аудару керек

 

 

Теги: ҚХА мейрам