Өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші белгілі болды
Құрылтай сайлауында дауыс беру жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы әр 2 сағат сайын нәтижені жариялап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ссағат 12:00-де мәлім болған ақпараттарға сүйенсек, бірнеше өңір халқы Құрылтай сайлауына қатысуда белсенділік танытып жатыр.
Дауыс беру бойынша көш бастап тұрған өңір – Қызылорда облысы. Онда таңғы сағат 7-ден бастап халықтың 47,59 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді.
Ал екінші орында – Жетісу облысы тұр. Онда 47,29 пайыз адам дауыс берген.
Сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындары да белсенділік танытуда. Онда жергілікті жұрттың 43 пайыздан астамы азаматтық борышын өтеді.
Ал енді мегаполистердегі ахуалға тоқталсақ. Астана халқының 35,28 пайызы дауыс берсе, Алматыда пайыздық көрсеткіш 18 пайызға жуық. Ал Шымкентте 41 пайыздан аса адам өз таңдауын жасапты.
Қазақстандықтардың жауапты күнге бей-жай қарамай, азаматтық борышын өтеп, белсенділік танытып жатқаны байқалады.
Оқи отырыңыз: Әрбір дауыс маңызды - Мейіржан Отыншиев