Сақ болыңыз: отшашудан келер қауіп қандай

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылды қарсы аламын деп, жыл басын ауруханада өткізетіндер көп. Отшашудан опық жейтіндер саны артады. Дәрігерлердің айтуынша, мереке күндері қабылдау бөлімінде жұмыс қауырт болады. Апаттың алдын алу мүмкін бе? Ережені елемейтіндердің есте ұстайтын ақпары қайсы? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына қарасты қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров жауап береді.

– Бауыржан Болатұлы, отшашудың қаупіне тоқталайықшы. Өз тәжірибеңізде пиротехникадан болған ең ауыр жарақат қайсы?

"Біріншіден, пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде жазатайым оқиға орын алады. Оның себебі – қажетті сәйкестік сертификаты жоқ және сапасыз өнімді сатып алу. Сондай-ақ, отшашуды кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Үлкендерсіз балалардың және ересектер алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде пиротехникалық өнімдері пайдалану адам денсаулығына зиян келтіріп жатады. Тәжірибеге келетін болсақ, 11 жастағы бала ауруханаға түсті. Ол пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбай, көзінен ашық жарақат алды, Балаға дер кезінде көмек көрсетіліп, аман-есен ауруханадан амбулаториялық емге жіберілген болатын".

– Түсінікті. Ал жарақаттардың салдары қандай болуы мүмкін?

"Пиротехникадан алған жарақаттардың түрлі деңгейі болады. Бірінші және екінші, жеңіл және орташа алған жарақаттарды амбулаториялық емге жіберуге болады. Ал ауыр жарақат алған науқастарға дер кезінде жедел ем шаралары жасау керек.

Адам ағзасын күйік шалуы, көз зақымдануы мүмкін. Науқас жарақаттың деңгейіне қарай жазылады".

Оқи отырыңыз: Астанада театр әртістеріне арналған оңалту орталығы ашылды

Новости партнеров