Теннистен Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде көш бастады

John Fornander / Unsplash
John Fornander / Unsplash

United Cup турнирі Аустралияда өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Испания құрамасына қарсы алғашқы ойында Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустаға есе жіберді.

Кейін Елена Рыбакина Джессика Манейроны жеңіп, есепті теңестірді.

"Шешуші үшінші кездесуде Рыбакина мен Шевченко испандық жұп Пабло Карреньо Буста/Ивон Кавалье-Реймерсті жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, С тобында көш бастады. Бұл топта Қазақстаннан бөлек Грекия құрамасы да бар. Грек теннисшілерімен кездесу 30 желтоқсанда өтеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, турнирде Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Ширек финалға алты топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік екі команда өтеді. United Cup турниріне барлығы 18 құрама қатысуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді

Новости партнеров