Сақ болыңыз: ТРМК қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың мақсаты - ақша ұрлау

Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі
Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Сауда және интеграция министрлігі  жалған ақпарат тарату жиілегенін мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК) алаяқтардың КТРМ қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, соның ішінде техникалық реттеу бойынша «Е-КТРМ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге көмек көрсету туралы жалған ақпарат тарату жиілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТРМК қызметкері ретінде өздерін таныстыратын алаяқтар Қазақстан Республикасы азаматтарын шатастырып, олардың жеке деректерін иемдену және ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында әрекет ететінін ескертеді. 

"ТРМК белгісіз «ТРМК қызметкерлерінен» келіп түскен қоңыраулар мен мессенджерлер арқылы хабарламаларға жауап бермей, әңгімені дереу тоқтатуға және алаяқтық әрекеттерге қатыспауға кеңес береді. Бұдан кейін құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. ТРМК қызметкерлері мемлекеттік қызметші ретінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық қызметтер ұсынбайды және азаматтардың жеке деректерін – жеке кабинетке кіру үшін логин/құпиясөздерді, SMS арқылы келетін кодтарды сұрамайды. Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға беру арқылы алаяқтардың сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізу қаупі туындайды", - делінген хабарламада.

«Е-КТРМ» ақпараттық жүйесінің жұмысына байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аталған жүйені сүйемелдейтін құрылымдық бөлімшесі – Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаментіне хабарласу керек.

Оқи отырыңыз: Гуанчжоуда блогер жазаға тартыла ма: пранк жасағанда нені ескеру керек

Новости партнеров