Улану түрлі бактерияның әсерінен болуы мүмкін
Ыстық ауа райында кейбір тағам тез бұзылып, адамның уланып қалу қаупін арттырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде улануға жиі себеп болатын өнімдер — крем жағылған торттар мен тәттілер. Егер олар дұрыс сақталмаса, кремнің ішінде қауіпті бактериялар, соның ішінде сальмонелла тез көбейеді. Сол сияқты, сүт өнімдерінде де температура режимі бұзылса, стрептококк секілді микроағзалар жылдам көбейе бастайды.
Сақтықты қажет ететін тағы бір өнім — ет тағамдары. Жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген ет ыстықта тез сасып, улануға себеп болуы мүмкін. Жалпы, жазда барлық азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі қысқа болады. Сондықтан сақтау тәртібі қатаң болуы қажет.
Улану түрлі бактерияның әсерінен болуы мүмкін. Әдетте мынадай белгілер арқылы байқалады:
Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгіну керек. Сонымен қатар дәрігерлер уланған адам айналасына да инфекция жұқтыруы мүмкін екенін ескертеді.
Дереккөз: NEWS.ru
Оқи отырыңыз: Қандай жеміс пен көкөністі тоңазытқышта сақтауға болмайды