Сахнадағы мектеп өмірі: «Мұғалім» драмасының премьерасы өтті

12.06.2026 21:29

Қойылым еліміздің өзге қалаларында да көрсетілуі мүмкін

Almaty.tv

Алматыда Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» атты драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Асанәлі Әшімов театрында сахналанған қойылымда ұстаз, оқушы және ата-ана арасындағы өзара байланыс көркем суреттелген. Ал режиссер Данияр Базарқұлов мектеп қабырғасындағы күнделікті тіршілікті негізге ала отырып, адамгершілік құндылықтарды, педагог мәртебесін және өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сахна тілімен жеткізген. Шығармашылық топ үш ай бойы дайындаған қойылымды еліміздің өзге қалаларында да көрсетуді жоспарлап отыр.

«Бұл – сұранысқа ие спектакльдердің бірі. Себебі тақырыбы өте ауқымды, халыққа керек. Халықтың жүрегіне жететін қойылымдардың бірі болып табылады. Сондықтан да оған әртүрлі қалалардан, облыстардан өте көп ұсыныс түседі. Көрермені көп спектакль», – деді режжисер Данияр Базарқұлов.

Оқи отырыңыз: Жәндіктер әлеміне саяхат: Алматыда Cirque du Soleil гастролі басталды